
Қызылқоға ауданының жер қоры жеті санат бойынша бөлініп, жалпы көлемі 2 млн 60 мың гектардан асады. Мұның 724 мың гектары ауыл шаруашылығының үлесіне тисе, ал 1 млн гектары қосалқы жер қорының есебінде тұр. Осыншама жерлер тиімді пайдаланып тұр ма?
- Өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 30 мың гектар жер бар екендігі анықталды. Бұл деректер Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, заң аясында тиісті шаралар қабылдау ұсынылды, - дейді аудандық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сүндет БАҒЫТЖАНОВ.
Бұдан бөлек ауданда 17 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жүруде. Бүгінде 9540 гектар жер кері қайтарылып алынған.
Аудандағы суармалы, лимандық жерлер де назарда тұр. Қазіргі таңда 5080 гектар лимандық жер болғанымен олардың бірде-бірі заңдастырылмаған. Мәселен, Ойыл және Жангелдин ауылдық округтерінде 2018 жылы берілген лимандық жерлердің пайдалану жөнінде ешқандай құжаттар жасақталмаған, тіпті мерзімі өтіп кеткен. Сағыз округінде 2023 жылы бөлінген 61 гектардан астам лимандық жер толық рәсімделмеген. Ал басқа округтерден ұсыныс түспеген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +2