Атырау, 5 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Молдовада Гагаузия басшысы үйқамаққа ауыстырылды

368 рет қаралды

Молдова соты Гагаузия автономиясының басшысы Евгения Гуцулды үй қамағына ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды АА. 

Сот прокурорлардың өтінішін ішінара қанағаттандырып, Гуцулға 30 күнге үй қамағына алу шарасын қолданды. Бұған дейін Молдова прокуратурасы Гагаузия басшысының қамау мерзімін ұзарту туралы өтініш берген болатын. Оның 20 күндік қамау мерзімі 14 сәуірде аяқталады.

Гуцулдың адвокаты Наталья Байрам бұл шешімге келіспейтінін және апелляцияға беретінін мәлімдеді. Ол бұл шараны негізсіз және тым қатаң деп санайды. Адвокат Гуцулды толық босатуға қол жеткізуді көздеп отыр.

10 сәуір, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.