
7 сәуір күні сағат 10:30 шамасында Қ.Сәтпаев көшесінде мопед тоқтатылды.
Тексеру барысында 27 жастағы жүргізушінің көлік құралын құжатсыз басқарғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Мопед айып тұрағына жеткізілді.
Айта кетейік, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Патрульдік полиция қызметкерлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін және қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ