Атырау, 18 сәуір 0852
 ашықВ Атырау +24
$ 523.20
€ 594.30
₽ 6.38

Атырауда өрт кезінде ана мен бала эвакуацияланды

Бейнежазба
615 просмотра

2025 жылғы 9 сәуірде сағат 15:27-де Атырау қаласы Сарықамыс-2 ы/а, У.Танашов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында автокөлік жанып жатқаны туралы шақырту түсті.

Өрт сөндіру қызметі шақырту орнына дереу жетіп, «Lada Granta» автокөлігінің жануын және қасында орналасқан уақытша тұрғын үйге қауіп барын анықтады.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде уақытша тұрғын үйден 1996 ж.т. ана мен 2025 ж.т. сәби эвакуацияланып, «Апаттар медицинасы орталығының» дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Уақытша тұрғын үйге жақын тұрақтаған автокөліктің өртенуі салдарынан үйдің есік, терезелерінің балқуы орын алды. Өрт сағат 15:42-де толықтай жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 9 құтқарушы, 2 бірлік техника, «АМО» ММ 3 қызметкер, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына тұрмыстағы, тұрғын үйдегі, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.


9 сәуір, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16