Атырау, 5 желтоқсан 09:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Пентагон басшысы​: ​АҚШ Панама каналын Қытайдың ықпалынан шығарады

526 рет қаралды

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Панама каналының Қытайдың ықпалынан шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews. 

Оның айтуынша, Қытай компаниялары каналдың инфрақұрылымын бақылау арқылы Панама аумағында бақылау жүргізуге мүмкіндік алады, бұл Панама мен АҚШ-тың қауіпсіздігіне, егемендігіне және өркендеуіне кері әсер етеді.

Хегсет Панама үкіметімен келіссөздер жүргізіп, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уәде берді. Ол АҚШ пен Панама соңғы апталарда қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейту үшін көп жұмыс атқарғанын атап өтті.

Қытайдың Панама каналына ықпал етуі АҚШ пен Панама арасындағы қарым-қатынастарды шиеленістіріп, дипломатиялық пікірталастарға себеп болды. Панама президенті Хосе Рауль Мулино каналдың егемендігі мен елдің тәуелсіздігі келіссөздер тақырыбы бола алмайтынын мәлімдеді.

9 сәуір, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.