
Доминикан Республикасының астанасы Санто-Домингода түнгі клубтың шатыры құлап, кем дегенде 98 адам қаза тауып, 160-қа жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Euronews.
Іздестіру-құтқару және қоқыстарды тазалау жұмыстары жалғасуда. Үйінділер астында әлі де зардап шеккендер бар, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.
Салдарын жою жұмыстарына кемінде 22 мемлекеттік мекеменің қызметкерлері қатысуда.
Оқиға орын алған кезде танымал Jet Set клубында саясаткерлер, спортшылар және басқа да жергілікті атақты адамдар қатысқан меренге концерті өтіп жатқан. Меренге әншісі Рубби Перес өз оркестрімен өнер көрсеткен, бірақ оның тағдыры туралы әзірге ақпарат жоқ.
Монте-Кристи провинциясының губернаторы Нельси Круз мен Жоғары бейсбол лигасының бұрынғы екі ойыншысының өлімі расталды.
Шатырдың құлауына не себеп болғаны және Jet Set ғимараты соңғы рет қашан тексерілгені белгісіз.
Доминикан президенті Луис Абинадер үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.
В Атырау +4