Атырау, 17 наурыз 02:11
 ашықВ Атырау +14
$ 505.15
€ 550.31
₽ 5.89

Атырауда атмосфералық ауаның сапасы тексерілуде

402 просмотра

Атырау облысының экология департаменті қала ауасының жағдайын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ауа сапасын бақылау шарасына «Қазгидромет» РМК Атырау филиалы мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС сынақ зертханалары қатысып, зауыттың санитарлық қорғау аймағы мен Солтүстік өндірістік аймақтан ауа сынамаларын алды. 

- Зерттеу барысында атмосферадағы ластаушы заттар анықталуда, - деп хабарлады экология департаментінің баспасөз қызметі.

Мониторинг жұмыстарына облыстық және қалалық мәслихат депутаттары да қатысқан. Департамент өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда сараптамалар жүргізіліп, алынған деректер талдануда.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 наурыз, 23:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.