
Мәскеуге бағыт алған Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы дрондардың түнгі шабуылы кезінде бағытын өзгертіп, Вильнюс әуежайына қонды, деп хабарлайды Би-би-си.
Airbus A330 ұшағы 11 наурыз күні таңертең Смоленск үстінде ұшып бара жатып, бағытын өзгертуге сұраныс жасап, Беларусь-Литва шекарасына қарай бет алды.
Ұшақ экипажы мен жолаушылар зардап шеккен жоқ. Flightradar24 деректеріне сәйкес, жанармай құйылғаннан кейін ұшақ Стамбулға оралды.
Сол түні Ресей аймақтарына дрондардың жаппай шабуылы жасалды. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шабуылға 300-ден астам дрон қатысқан. Мәскеу маңында рекордтық 74 дрон атып түсірілгені хабарланды.
В Атырау +4