Атырау, 26 сәуір 08:12
 бұлттыВ Атырау +21
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

Атырауда 1,5 келі бекіре уылдырығымен жүргізуші ұсталды

Бейнежазба
653 просмотра

Полицейлер 1,5 келі бекіре уылдырығын тиісті құжатсыз тасымалдаған 63 жастағы ер адамды ұстады.

ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Lada Vesta көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде қорғауға алынған бекіре тұқымдас балық уылдырықтары табылды.

Аталған факті бойынша жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері мен олардың дериваттарының заңсыз айналымы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Істің басқа жай-жапсары тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланбайды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

11 наурыз, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.