
Нұрсұлтан Ахмедия NCOC компаниясының жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі менеджері болып тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.
Нұрсұлтан Австриядағы Вена университетінің саясаттану факультетін бітірген.
Ол «Парасат» жүйелік зерттеулер институтының директоры болып жұмыс істеген, сондай-ақ Қазақстан Премьер-министрінің орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарған.
Соңғы жұмыс орны – ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің кеңесшісі.