
Эстонияда 10 наурыз күні билеуші коалиция ыдырап, Социал-демократиялық партия (СДП) үкіметтен шыққанын жариялады. Бұл туралы Эстония премьер-министрі Кристен Михал мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы.
Премьердің айтуынша, коалиция ішіндегі келіспеушіліктер шешім қабылдау процесін баяулатқан. Енді жаңа үкіметте Реформалар партиясы мен «Эстония 200» партиясы басымдық танытады. Жаңа коалицияның негізгі міндеттеріне салық саясатын қайта қарау, конституциялық реформалар жүргізу және қорғаныс бюджетін ЖІӨ-нің 5%-на дейін арттыру кіреді.
Социал-демократтар үкіметтен шықса да, коалиция парламентте аз ғана басымдыққа ие болып қалады (101 орынның 52-сі). Бұған дейін коалиция ішіндегі қайшылықтар мен рейтингтердің төмендеуі осы жағдайды туғызғаны хабарланған болатын.
В Атырау +4