
Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды ДОСЫМОВТЫҢ туғанына биыл 60 жыл толуына орай оның кезінде пайдаланған "Волга" көлігі қайта жаңартылады.
Бұл мәселені облыс әкімдігі қолдап отыр. 45 жасында қаза болған ақынның артында мол мұра ретінде жырлары мен әсем әндері қалды. Оның 50-ге тарта шығармасы бар. Әсіресе, "Ұнатамын мен мен сені", "Сәйгүлік", "Мен қазақпын" әндерін жұртшылық сүйіп тыңдайды.
Ақынның көлігі реставрациядан өткеннен кейін мұражайға қойылады деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0