Атырау, 26 сәуір 1102
 бұлттыВ Атырау +21
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

«Атырау аудан жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

658 просмотра

11 наурыздан бастап, атыраулық жастар үшін «Атырау аудан жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өтініштер 31 наурызға дейін eatyrau.kz порталы арқылы қабылданады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Бағдарлама шарттарына сәйкес:

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;

Бастапқы жарна – 10%-дан бастап;

Қарыздың ең жоғары сомасы – 15 млн теңге;

Несие мерзімі – 19 жылға дейін;

Тұрғын үй бағдарламаға қатысушы тіркелген ауданнан беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін төмендегі талаптар қойылады:

ҚР азаматы болуы;

Облыс аумағында тұрақты тіркеуде тұруы;

Өтініш берген кезде жасы 35-тен аспауы;

Соңғы 5 жылда тұрғын үйінің болмауы;

Кемінде 1 жыл үздіксіз ресми жұмыс өтілінің болуы;

Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

- Бұл бағдарламаға медицина, педагогика, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік және коммуналдық сала, халықты әлеуметтік қорғау, жоғары оқу орындарының оқытушылары, «Қазпошта» АҚ, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет және ғылым саласының мамандары қатыса алады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдай қызметкерлері, жаттықтырушылар мен спортшылар, сондай-ақ коммуналдық тұрғын үй қорында есепте тұрған жастар да өтініш бере алады, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ресми өкілі Амангүл Айтбай. 

Былтыр осы бағдарлама аясында жастар санатындағы 15 адам төлем қабілеттілігін растап, баспанаға қол жеткізген. 

Жобаның негізгі мақсаты – өңір жастарына тиімді шарттармен баспана алу мүмкіндігін ұсыну. Мамандардың айтуынша, бұл бағдарлама табысы шектеулі жас мамандар үшін баспана мәселесін шешудің қолайлы жолы.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 наурыз, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.