Атырау, 12 қаңтар 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Әйелдер мерекесінде Атырауда 35 қыз бала дүниеге келді

556 рет қаралды

Атырау облысында 8-9 наурыз күндері ерекше қуанышты сәттерге толы болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы екі күнде өңірде барлығы 63 сәби дүниеге келген. Оның 35-і қыз болса, 28-і ұл.

Әсіресе, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні ерекше есте қалды. Дәл осы мерекелік күні облыс бойынша 20 қыз өмірге келді. Ал келесі күні, 9 наурызда тағы 15 қыз дүние есігін ашты.

Бұл күндері егіздер тіркелген жоқ. Барлық ана мен баланың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің жіті бақылауында, деді басқарманың баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

11 наурыз 2025, 08:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.