Атырау, 27 сәуір 1442
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

ҚМГ және Solomon Associates қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының тиімділігін арттырады

465 просмотра

ҚазМұнайГаз және Solomon Associates Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының тиімділігін арттыру үшін стратегиялық серіктестікті тереңдетуде, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары аясында америкалық Solomon Associates компаниясының президенті Чарльз Райтпен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарастырып, отандық мұнай өңдеу зауыттарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Сонымен қатар қазақстандық кәсіпорындардың Solomon-ның бенчмаркингті зерттеулеріне ұзақ уақыт қатысу мәселелері талқыланды. Бұл кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ кездесу барысында операциялық тиімділікті арттыру жобалары (PEP, Performance Excellence Process) талқыланды. Америкалық компания ҚМГ-мен ынтымақтастық аясында 2020 жылдан бері Атырау МӨЗ («АМӨЗ» ЖШС), Павлодар МХЗ («ПМХЗ» ЖШС) және Шымкент МӨЗ («ПҚОП» ЖШС) үшін 109 ұсынысты іске асыруды ұсынды.

Solomon-ның аталған ұсыныстарын іске асыру айтарлықтай экономикалық нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, ұсыныс негізінде АМӨЗ және ПМХЗ-да зерттеу жобасына салынған қаражат 2-5 есеге ұлғайтылды, ал Rompetrol Petromidia-да 7 жыл ішінде $306 млн жетті.

Сонымен қатар ҚМГ үш жылдық жөндеуаралық кезеңге көшу мәселесі аясында АМӨЗ және ПМХЗ-да TAR — бенчмаркинг (Turnaround — күрделі жөндеу) жүргізуге, сондай-ақ АМӨЗ, Rompetrol Petromidia және CaspiBitum-дағы жаңа зерттеу жобаларына қызығушылық білдірді.

— ҚазМұнайГаз бен Solomon Associates компаниясын мұнай өңдеу саласында әлемдік озық тәжірибелерді енгізуге бағытталған берік серіктестік пен айтулы жетістіктер байланыстырады. Біз кәсіпорындарымыздың тиімділігін арттыру үшін ең үздік шешімдерді қолдана отырып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттіміз, — деді А.Хасенов.

Өз кезегінде Solomon Associates президенті Чарльз Райт компанияның ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылатынын растады және қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының операциялық тиімділік пен бәсекеге қабілетін арттырудағы жоғары әлеуетін атап өтті.

Анықтама: 
Solomon Associates — 40 жыл бұрын негізі қаланған, мұнай-газ саласы үшін консалтинг қызметтерін көрсететін әлемдік жетекші компания. Solomon әдістемесі — бұл салалық стандарт. Оның зерттеулері әлемдегі мұнай өңдеу қуатының 85% (шамамен 350 МӨЗ), ал ТМД елдеріндегі өңдеу қуатының 70-75% -тен астамын қамтиды.

11 наурыз, 02:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.