Атырау, 24 сәуір 1754
 ашықВ Атырау +14
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

​QazaqGaz 2025 жылы 11 ұңғы бұрғылайды

Бейнежазба
492 просмотра

«QazaqGaz «Барлау және өндіру» компаниясына қарасты Амангелді кен орындар тобында барлау, бұрғылау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, Барханды кен орнын жайластыру бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізетін мекеме кен орнын игеруге дайындықты бастап кетті.Барханды кен орны орман қорына жататын жер, сондықтан кен орнын игеру кезінде қоршаған ортаға әсерді барынша азайтатын заманауи технологиялар қолданылады. Мамандар қоршаған ортаға шығатын шығарындыларды бақылауға және газдың атмосфераға шығуын болдырмауға аса назар аударады. Барханды кен орнын биыл жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған.
 
Бұдан басқа, Амангелді кен орнында №142 ұңғыны бұрғылауға дайындық жұмыстары басталды.Айрақты кен орнында №108 ұңғыны бұрғылау жұмыстары басталды. Анабайдағы №18 ұңғыда бұрғылау жұмыстары аяқталып жатыр. Биыл, жалпы алғанда 11 ұңғы бұрғыланады.

Сонымен қатар, Малдыбай және Саяхбай, Қоғалы учаскелерінде сейсмикалық барлау, бұрғылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.


11 наурыз, 02:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.