
Батыс Прорва кен орнының №437 ұңғымасында жою жұмыстары аяқталғаннан кейін ұңғыманы бастыруға дайындық барысында мердігер ұйым гидравликалық сынақтарды жүргізу кезінде желі герметизациясының бұзылды деп хабарлайды Petrocouncil.kz «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшылардың бірі кеуде қуысынан жарақат алды, ішкі ағзаларына зақым келмеген. Қазір ол Құлсары аудандық орталық ауруханасында дәрігерлердің бақылауда. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші жұмысшы дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.
Бұл оқиға туралы ақпарат Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаментіне жолданды.