Атырау, 18 ақпан 14:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Атырауда жалған нөмір таққан көлік анықталды

Бейнежазба
1 619 рет қаралды
Видеодан жасалған скрин

Атырауда көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті. 

4 наурыз күні түнгі сағат 23:00 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қорғау»жүйесі арқылы Азаттық көшесінде ВАЗ 2114 маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктің шанақ нөмірі тіркеу деректеріне сәйкес келмейтіні анықталды.

2001 ж.т. жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі, яғни көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.


7 наурыз 2025, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.