Атырау, 25 желтоқсан 17:38
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Қазақстан ішкі нарықты қорғау үшін жарты жылға мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салды

1 150 рет қаралды
Сурет: freepik.com

2025 жылғы 29 наурыздан бастап Қазақстан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін сыртқа, оның ішінде ЕАЭО мемлекеттеріне әкетуге 6 айлық тыйым салуды енгізеді. Бұл шешім «сұр» экспорттың артып, жанармайдың бүркеме тәсілдер арқылы тасымалдануының өсіп кеткендігіне байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды KAZENERGY. 

Соңғы айларда АИ-92 жанармайы мен дизель отынын тұтынудың артуы ЖЖМ бағасының айтарлықтай айырмашылығымен байланысты – Қазақстанда олар көрші елдермен салыстырғанда 17-166%-ға төмен. Бұл жағдай жанармайды заңсыз әкетуге жол ашады. Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, мұндай заңсыз шығарылған өнімдердің ай сайынғы көлемі 10 мыңнан 45 мың тоннаға дейін жетеді. 

Осы сын-қатерлерге жауап ретінде Қазақстан мұнай өнімдерін, оның ішінде Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісім шеңберінде әкетуді бақылауды күшейтуге және ішкі нарықтағы тапшылықты болдырмау үшін импортты жалғастыруға мәжбүр болып отыр.

7 наурыз, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.