Атырау, 25 сәуір 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 517.16
€ 588.48
₽ 6.23

Атырауда 35 ана марапатталды

1 177 просмотра

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Атырау қаласы бойынша 35 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталды.  

- Көп балалы аналар – мейірім мен берекенің символы. Аяулы аналарымыз ұрпақ тәрбиелеу арқылы ел болашағына өлшеусіз үлес қосып келеді. Бұл марапат – сіздердің еңбектеріңізге деген құрметтің белгісі, - деді қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов.

Еске салсақ, биыл Қазақстанның бірнеше өңірінде 8 наурызда көп балалы аналарға 2 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейінгі біржолғы сыйақы төленетінін, алайда Атырау облысы бұл тізімге енбегенін жазған едік. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 наурыз, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.