Атырау, 24 желтоқсан 04:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда әйел адам көшеде пышақ алып жүгірген

1 295 рет қаралды

Сауда орталықтарының бірінің маңында әйел адам жол бойында бөтен көліктерге зақым келтірмек болған.

Оқиға 5 наурызда орын алған. Әйелдің қолында пышақ болғандықтан, оқиға жұртты шошытқан. Атырау облысының полиция департаменті интернетке тараған видеода 59 жастағы әйелдің қоғамдық тәртіпті бұзған сәті түсірілгенін хабарлады.

Полицейлер тәртіп бұзушының жеке басын тез арада анықтап, оның жүйке жүйесі ауруымен есепте тұрғанын білді.

Оқиғаға байланысты полицейлер мән-жайды айқындап, алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында әйелдің қамқоршысымен түсіндірме әңгіме жүргізді. Іс материалдары қажетті шаралар алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Әлеуметтік желіден алынған видеодан стоп-кадр

6 наурыз, 23:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.