Атырау, 22 желтоқсан 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау еріген қар суынан тазартылып жатыр

Сурет
1 554 рет қаралды

Мұнайлы астанада соңғы күндері қар жауып бір қуантқанымен, енді еріп тұрғындарға қолайсыздық тудыруда.

Әкімдіктің Telegram-дағы арыз-шағым қабылдау каналында Сарқамыс ықшамауданы тұрғындары «қалың қар түскелі алынбады, енді еріп, көл қылуда. Үйден көшеге шығу жолды кесіп өту мүмкін емес», деп жазып жатыр.    

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, еріген қар суын тазалау жұмыстары кеше басталды. Қалада ауа-райының күрт жылынуына байланысты көшелерде еріген қар сулары жиналуда. Бұл мәселені шешу мақсатында “Арнаулы Автобаза”мекемесінің 18 арнайы техникасы жұмылдырылып, су сорғызу және тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек 68 арнайы техника қалада қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылған. Дәл қазіргі кезде арнайы техникалар Сарқамыс ықшамауданына бағыт алды.

Тұрғындар еріген қар суынан пайда болған көлшіктер мен жолдағы кептелістер туралы 109 байланыс нөміріне хабарласып, шағымдарын қалдыра алады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 наурыз, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.