
5 наурыз күні сағат 07:32 де М.Әуезов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы 101 желісіне шұғыл қоңырау түседі.
Өрт сөндірушілер жедел жеткен кезде, екі қабатты үйдің бірінші қабатында пәтер жанып жатқан.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, пәтер есігі құлыптаулы болуына байланысты құтқарушылар терезе арқылы кіріп, барлау жұмыстарын жүргізеді. Барлау нәтижесінде пәтердің қонақ бөлмесінен 1952 ж.т. әйел адамды тауып, таза ауаға шығарып, ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығының» қызметкерлеріне тапсырды. Алайда дәрігерлер әйел адамды түтін иісіне уланып, қайтыс болғандығын анықтады.
Сонымен қатар құтқарушылар өрт шыққан пәтердің кішкентай марғауын құтқарып қалды.
Өрт сағат 07:58-де толықтай жойылды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 6 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды, деді Атырау облыстық ТЖД нің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау -3