Атырау, 12 қаңтар 03:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​Атырауда үш қабатты​ жаңа стадион салынады

1 145 рет қаралды
Сурет: ӨКҚ

Атырау облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, жоспар бойынша, 12 мың орындық заманауи стадионның ЖСҚ сәуір айында мемлекеттік сараптамаға ұсынылады. Сараптаманың қорытындысы шыққаннан кейін, жаз айында мердігерді анықтап, құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы бөлінеді деп күтілуде. 

Үш қабатты жаңа стадионның ерекшеліктері 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Аламан" базары маңынан салынатын заманауи стадион құрылысының ЖСҚ дайындау үшін 257 миллион теңге бөлініп, жобалаушы мекеме "Engineering center ltd" ЖШС-мен келісімшарт жасалған болатын.

Жоба бойынша стадион көрермендер үшін батыс және шығыс трибуналарынан кіретіндей етіп жасалады. Батыс трибунада VIP-аймақ, БАҚ өкілдеріне арналған жұмыс орны және матч қатысушыларына жеке кіру жолы қарастырылған. Ал шығыс бөлігінде команда мүшелерінің демалуына және жаттығуына арналған орындар болады. 

Сондай-ақ, стадионның бірінші қабатында коммерциялық орындар, спортшыларға, қызмет көрсету және техникалық персоналға арналған кабинеттер қарастырылған. Екінші қабаттың бұрыштарында коммерциялық орындар орналасады. Үшінші қабат VIP-аймақ пен әкімшілік кабинеттерден тұрады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 наурыз 2025, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.