Атырау, 5 желтоқсан 08:02
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

NCOC Жайық сағасында балықтың жаппай қырылуына қатысты айыптауларға жауап берді

764 рет қаралды

NCOC Жайық сағасындағы балықтардың жаппай қырылуы компанияға тиесілі кеменің жүрісінен болды және кеменің қоршаған ортаға келтірген экологиялық залалы 507 935 теңгені құрады деген айыптауларға қатысты жауабын берді.

- Компания - Солтүстік Каспий жобасының Операторы 22 ақпанда қызметкердің денсаулығына байланысты теңіздегі нысаннан шұғыл медициналық эвакуация жүргізілгендігін растайды. Эвакуация барысында бизнес-серіктесіміздің ауа тұғырықты «Каспиан Фалькон» кемесімен тасымалдау қызметі қолданылды.

«Каспиан Фалькон» кемесінің ізінде табылды делінген өлі балықты қазіргі уақытта Атырау облысының Балық шаруашылығы инспекциясы зерттеуде. Бұл мәселені кеме иесімен бірге қарастырып жатырмыз.

27 ақпанда балық ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен Приморский каналындағы өзен суының және табылған өлі балықтың сынамалары алынды. Қазіргі уақытта олар зертханаларда талдануда. Бұл сынамалар туралы қорытынды есеп 18 наурызда дайын болады. Балықтың өлуі басқа себептерге де қатысты болуы мүмкін.

NCOC компаниясы жағдайды мұқият бақылауда, - дейді берілген жауапта.

Әрі қарай қосымша сұрағымызға жауаптар алдық:

- Сіздер кемелеріңіздің Жайық экожүйесіне теріс әсер ететіні туралы пікірмен келісесіздер ме? NCOC компаниясы өз кемелерінің қоршаған ортаға, соның ішінде балық популяциясына әсерін зерттеді ме? Егер зерттеу жүргізілсе, оның нәтижелері қандай?

- 2017 және 2022 жылдар аралығында ауа тұғырықты кемелерді әртүрлі тәртіп пен жағдайда тексеру арқылы үш толыққанды зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл жұмыстар барысында көптеген фото және бейнематериал жасалды. Олардың ішінде уақыты мен координаттары бірге жазылған шу деңгейін өлшеу нәтижелері де бар. Бұл жазбаларда бір де бір балықтың өлу жағдайы тіркелген жоқ. Су астындағы шу деңгейін өлшеу нәтижелері де бұл шудың балық өліміне әкеліп соқтыратынын көрсеткен жоқ.

- Бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысып, өз ұстанымдарыңызды түсіндіруге дайынсыздар ма? 

- NCOC компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасымен талап етілетін тәртіп және мезгіл бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіп тұрады.

- NCOC компаниясы өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін барынша азайту үшін қандай шаралар қабылдайды?

 - Негізгі шаралар:

Жайық өзені бойымен өтетін бөлікте ауа тұғырықты кеменің оңтайлы жылдамдығын сақтау ережелерін (шу деңгейін зерттеу есептері бойынша берілген ұсыныстарды) орындау; қыс мезгілінде балық жиналатын жерлерден (балық қыстақтарынан) барынша алыс жүру.

Көп елде ауа тұғырықты кемелер арнайы экологиялық шектеулер қойылған аймақтардан өту үшін тасымалдау құралы ретінде қолданылады. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

5 наурыз, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.