Атырау, 5 желтоқсан 10:07
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанда мұнай өнімдерін шығаруға салынған тыйым ұзартылды

550 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстаннан бірқатар мұнай өнімдерін ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығаруға тыйым салу 2025 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«1-1-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«1-1. 2025 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерге жеңіл дистилляттар (СЭҚ ТН кодтары 2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8), авиакеросиндер және дизель отыны (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0), газойльдар (СЭҚ ТН кодтары 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0), толуол, ксилол (СЭҚ ТН кодтары 2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0), мұнай битумын (СЭҚ ТН коды 2713 20 000 0) шығаруға тыйым салынсын», - делінген бұйрықта.

Бұл тыйым жеңіл дистилляттарға, авиакеросинге, дизель отынына, газойльдарға, толуолға, ксилолға және мұнай битумына қатысты.

Сонымен қатар, ведомство зауыт стандартына сай келмейтін бензобактармен отын шығару әрекетіне жол бермеуге міндетті.

Тыйым ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.

5 наурыз, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.