
Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылындағы су тазарту қондырғысы (бұдан әрі СТҚ) күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілген болатын.
Мамандардың айтуынша, бұрынғы қондырғы бұған дейін осы ауылдағы 680 үйге қызмет етіп келді. Енді оны замануи үлгіде жаңарту жұмысы қолға алынған еді. Мұнда су жинайтын мұнара, ауыл ішіндегі құдықтардағы өрт гидранттары мен ысырмалары ауыстырылса, сондай-ақ ғимарат іші жаңартылып, бетоннан тұрғызылған қоршау да ішінара жөнделді.
Бұл жұмыстарға бюджеттен 188 млн теңге жұмсалды.
- Негізі ауылда бұған дейін де ауыз сумен қамтуда кідіріс болған емес. Енді автоматтандырылған жүйеге көшуі бізді қуантып отыр. Мәселен, кнопкамен Аққыстаудағы электронды задвижканы ашу мүмкіндігі бар, - дейді Қамысқала округінің әкімі Рафихат ТАЖИДЕНОВА.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0