Атырау, 24 желтоқсан 05:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырау облысында ақылы оқуға үш рет ҰБТ өтеді

841 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Бүгінде екінші кезеңі өтуде. 

Жалпы облыс бойынша 2024-2025 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны (11 сынып)-7287. Оның 81, 6 пайызы 3-6 наурыз аралығында өтетін ақылы ҰБТ қатысуда.  ҰБТ бес пәннен өтуде: математикалық сауаттылық 10 тапсырма, шекті балл-3;  оқу сауаттылығы 10 тапсырма, шекті балл-3; Қазақстан тарихы 20 тапсырма, шекті балл-5; бейіндік пәндер 2 пән, 40 тапсырма, 50 баллдан шекті балл-5 (25 сұрақтың 1 жауабы, 5 сұрақ контекст, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тапсырма 5, сәйкестікті анықтауға арналған 5 сұрақ (2 баллдан). Барлығы 120 тапсырма, 140 балл. 

Әр оқушыға 210 минут уақыт беріледі, яғни 3 сағат 30 минут. 

Шығармашылық бағытқа: оқу сауаттылығы 10 тапсырма, шекті балл-3; Қазақстан тарихы 20 тапсырма, шекті балл-5.

Түлектер грант пен ақылы оқуға тапсыруға 15  мамыр 5 шілде айы аралығында 2 рет тапсыра алады. Жалпы ақылы оқу кезеңі 3 рет, қаңтар, наурыз, тамыз айлары болып белгіленген.

"Белгіленген оқу орнында мектеп бітіруші түлектерге барлық жасалған",-дейді облыстық білім басқармасының бастығы Марат АБУОВ. 

Жалпы биыл әр жоғары оқу орындары шекті балды өздері белгілейді. Мәселен, Ұлттық жоғары оқу орындарында шекті балл-65 (ауыл шаруашылығы мен биоресурстар-60). Денсаулық сақтау-70, педагогикалық оқу орындары -75, қалған жоғары оқу орындары 50 баллды белгілеген. 

Мемлекеттік гранттан бөлек жергілікті жердің әкім гранты (кадр жетіспеушілігін жою мақсатында) бар. 2022 жылдан бастап нысаналы гранттар да бөлініп келді. 2022-2023 оқу жылында Атырау облысына 4000  нысаналы грант бөлінсе, ал 2023-2024 оқу жылында 1500 грант игерілген болатын. 

Зерделеп қарағанда 9 сыныпты бітірушілердің 11 сыныпқа келуі 56 пайыздан 50 пайызға азайса, ал керісінше мектеп бітіруші түлектердің (11 сынып) тестілеуге қатысы 73 пайыздан 80,2 пайызға артқан. 

Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2022-2023 оқу жылында 68,7 балл болса, 2023-2024 оқу жылында 69,7 орта балды құрады. 

Республикалық көрсеткіштің орта балы 72,1 балл, айырма 2,4 балды құраған. 

"АЖ" редакциясы білім сынағындағы ақылы ҰБТ тапсырушыларға сәттілік тілейді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 наурыз, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.