
1-2 наурыз күндері Алматы қаласында мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі аргументация, сыни ойлау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын сынға салатын Turan International Debating Championship халықаралық турнирі өтті.
Республикалық және халықаралық мектептерден 44 команда қатысқан бұл беделді додада Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Химия-биология бағытының оқушылары өз білім ордасын лайықты деңгейде таныстырды.
Турнирге 10-11-сынып оқушыларынан құралған үш команда қатысып, Алпамыс Асқарұлы, Арайлым Төреш және Амина Күмісқалиева командасы 1/8 финалға өтсе, Яссауи Уалихан, Нұрлыбек Молдағалиев, Дария Халидолла командасы төртінші орынды иеленді. Ал Саида Лекерова, Амина Бакирова және Айкөркем Қанатова есімді 11-сынып оқушыларынан құралған команда жүлделі 3-орынға ие болды.
"Бұл турнирде оқушыларымыз аналитикалық қабілеттері мен халықаралық деңгейде дәлелді пікірталас жүргізе алатынын көрсетті", - дейді оқушыларды жарысқа бастап барған куратор Алтынай Қаратаева.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау -3