Атырау, 5 желтоқсан 10:07
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда Жайық өзеніндегі мұнай төгіндісін жою бойынша оқу-жаттығулар өткізілді

Сурет
825 рет қаралды

Атырау облысында 28 ақпанда Теңіз – Новороссийск магистральдық мұнай құбырының Жайық өзенінен өтетін учаскесінде апатты мұнай төгілуін жою бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Бұл туралы КҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-жаттығуларға КҚК мердігері - «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 18 маманы және 12 техникасы қатысты.

Аңыз бойынша таңғы 07:04-те «Атырау» МАС ауысым басшысына мұнай құбырынан мұнай ағып жатқаны туралы және көмірсутектердің су ағысына түскені туралы ақпарат келіп түседі. Бұл туралы дереу Новороссийскідегі басқару орталығының диспетчері және тиісті тұлғалар хабарландырылды. Негізгі диспетчер қашықтан «зақымдалған» учаскені шар ысырмасымен тоқтатты.

Оқиға орнына «Атырау» авариялық-қалпына келтіру бригадасы, «Атырау» МАС-дағы өрт сөндіру тобы және «КҚК-К» АҚ экологиялық бақылау тобы келді. Олар Жайық өзенінің оң жағалауындағы «мұнай ағып жатқан» жерді, судан 30 метр қашықтықта мұзға және суға түскен мұнайды анықтады.

Оқу-жаттығуға қатысушылар мұзды қардан тазартып, бұрғыланған бақылау ойықтары арқылы мұздың жай-күйін тексерді. Содан кейін олар мұзды ойып, «Рубеж-Зима-150» бондарын орнатты. Екінші шеп Жайық өзенінің ағысы бойынша 4 км төменде орнатылды.

4 наурыз, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.