
Жылыой ауданында көп қабатты 223 үй бар. Бұл тұрғын үйлердің алды 1970 жылдары салынған. Одан бері жарты ғасыр өтсе де көпқабатты үйлердің қасбеті мен шатырлары жөндеуден өткен емес.
- Тозығы жетті, ескірді. Кейбір үйлердің сыртқы бөліктері түсіп, арматуралары көрініп жатыр. Оның үстіне жаңбыр жаусa, шатырдан су кетеді. Өткен жылдан бастап шатырлар мен қасбетін жөндеу қолға алынуда. Бұл өзгеріс қаланы көріктендіре түсуде,-дейді құлсарылықтар.
Жалпы өткен жылы бюджеттен 2 млрд 812 млн теңге бөлініп, Бірінші және Үшінші ықшам аудандарындағы үйлердің сыртқы келбетін өзгерту қолға алынған. Орталық ықшам аудандағы №22 көп қабатты үйдің қасбеті мен шатырын жөндеуді мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіп алған "KDC Constrution" ЖШС бұл жұмыстарды толық аяқтап шықты. Ал "ММ Project" ЖШС демеушілікпен Құлсары қаласында орналасқан көпқабатты 18 үйдің қасбеті мен шатырын жөндеудің жобалық сметалық құжаты жасақталған. "АтырауСтройСтандарт" ЖШС Орталық ықшам аудандағы №24, 187, 188 және Бірінші ықшам аудандағы №24, 19, 25 үйлерінің сыртқы келбеті мен шатырларын жөндеуде.

Сонымен қатар 2025 жылы жоба бойынша көп қатарлы 11 үйді жөндеудің мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, жеңімпаздар анықталған. Атап айтқанда:
- "ҚұрылысТаймКонтракт" ЖШС (Бірінші ықшам аудандағы №20, 23, 26, 30, Үшінші ықшам аудандағы №42 үйлер);
- "ДанСтройБаза-ЛТД" ЖШС (Бірінші ықшам аудандағы №22, Үшінші ықшам аудандағы №33 үй);
- "АтырауСтройАртикс" ЖШС (Үшінші ықшам аудандағы,№45 үй);
- "ЭкоПласт" ЖШС (Үшінші ықшам аудандағы №48, 40, 1 үй) жеңімпаз болып, күн жылына іске кіріспекші.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -2