Атырау, 11 қаңтар 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​Судьялар мен салық қызметкерлері бас қосты

Бейнежазба
604 рет қаралды

Атырау облыстық соты Оқу орталығының базасында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында салық даулары бойынша әкімшілік істерді қарау тәжірибесі, әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Іс-шараға сот алқасының төрағасы және судьялары, МАӘС төрағасы және судьялары, МКД, МКБ басшысы мен қызметкерлері, прокуратура өкілі қатысты.

Іс-шараны ашқан Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихова дөңгелек үстелдің маңыздылығын атап көрсетті.

«Мұндай форматтағы кездесулер сот төрелігін жүзеге асыруда ерекше маңызды. Себебі олар қазіргі проблемалық мәселелерді мұқият зерттеуге мүмкіндік береді. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру кәсіби пікірталастар, құқық қолдану практикасындағы проблемалық мәселелерді талқылау үшін ұсынылатын алаң», - деп атап өтті А.Салихова.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков судьялар корпусының өкілдеріне МКД алаңында іс-шара өткізу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, нәтижелі жұмыс тіледі.

Дөңгелек үстел модераторы А.Салихова қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, аталған санаттағы істердің статистикалық деректеріне тоқталып, кейде Салық кодексінің заңнамасын қолдану барысында бірқатар проблемалық мәселелер туындайтынын атап өтті.

ӘРПК-ті қолдану бөлігінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, оның ішінде құқықтық және іс-жүргізу нормаларының қолданылуын дұрыс қалыптастыру мақсатында сот тәжірибесі туралы оларды тұрақты хабардар ету жолымен жандандыру қажеттігі туралы айтты.

МАӘС төрағасы Нұрбол Абдолов әкімшілік істер бойынша туындайтын өзекті мәселелерге тоқталды.

Мемлекеттік кіріс органдарына қойылатын талап қоюларды қарау бойынша әкімшілік соттың сот тәжірибесі, жеке тұлғаларға қатысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудың проблемалық мәселелері туралы айтып, ӘРПК-нің 15-1-бабының ережесін түсіндірді.

Сондай-ақ, баяндамашы камералдық бақылау, салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарламаларды заңсыз деп тану туралы жиі қойылатын талап қою санаттарын атап өтті.

Атырау облыстық сотының судьясы Бағила Карешова 2024 жылы анықталған бұзушылықтар бойынша соттармен шығарылған жеке ұйғарымдар мен ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары туралы айтты.
ӘРПК-тің 127-бабын қолдану тәртібін түсіндірді. Сот отырысында анықталған заңдылықты бұзушылықтар жеке ұйғарымдар шығару үшін негіз болып табылатынын атап өтті.

Кездесу барысында салық органы өкілдері камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар мен шешімдерді даулау кезінде, оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі шеңберіндегі даулар бойынша, әкімшілік талап-арыздарға қарсылық білдіру мерзімдерін және ақшалай өндіріп алуды қолдану тәртібін белгілеу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді атап өтті.

Баяндамалар қорытындысы бойынша қызу талқылау болды. МАӘС және облыстық соттың өндірісіндегі нақты істер пікірталас тақырыбы болған жоқ.

Дөңгелек үстел жұмысы соңында А.Салихова белсене қатысқаны үшін қатысушыларға алғыс білдірді. Кездесуге қатысушылар дөңгелек үстел олардың қызметінің маңызды аспектілерін қозғап, оның нәтижесі құқықтық және іс-жүргізу нормаларын қолданудың дұрыс қалыптасуына әкеледі деген қорытындыға келді.


4 наурыз 2025, 02:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.