
Бүгін Атырау тұрғындары, әсіресе Жилгородок ауданынан жағымсыз иіс сезді.
«Жилгородокта газдың өткір иісі мүңкіп тұр, жүректі айнытады», - деді жергілікті тұрғындардың бірі. Тағы бір тұрғын Ескі горпарк маңы мен «Сарыарқа» ықшамауданында және Қонаев атындағы «Бином» мектебінің маңында таңертеңнен өткір иіс болғанын айтты.
«Қазгидромет» РМК-ның қоршаған ортаны мониторингілеу кешенді зертханасының меңгерушісі Әсем МУРАТУЛЛИНА мәлім еткендей, күкіртсутегі мен азот диоксидінің шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) 1-10 есе асып кеткен. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарға тапсыру үшін материалдар дайындалуда.
Оның айтуынша, атмосфералық ауа мониторингі деректері бойынша Дамба, Самал, Ақшағала, Мұнайшы және Перетаска аудандарында азот диоксиді мен күкіртсутек үшін ШРК асқаны тіркелген. «НКОК» стансаларында – «Шығыс», «Шағала», «Привокзальный», «Загородная» және әкімдік маңында күкіртсутектің асқаны тіркелді.

Жергілікті атқарушы органдар материалдармен танысып, экология департаменті ықтимал қосымша тексерулер жүргізгеннен кейін қандай шаралар алынатыны туралы қала тұрғындарына хабардар етеді деп үміттенеміз.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +4