Атырау, 5 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Түркияда енді ауаға оқ атқандар жазаланады

484 рет қаралды
Сурет: Ensonhaber

Жаңа заң пакетімен бірге бірқатар жаза күшейтіледі. Әсіресе, той, құдалық және әскерге шығарып салу кезінде қарумен ауаға оқ атқандарға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі, деп хабарлайды Ensonhaber.

Енді бұзақылар азаматтардың тыныштығын бұза алмайды.

Жаңа заң пакеті арқылы көптеген жағымсыз оқиғалардың алдын алуға болады.

Жолда төбелескендерге, дрифт және қауіпті маневр жасағандарға, жүргізуші куәлігінсіз, мас күйінде көлік жүргізгендерге және ауаға оқ атқандарға жаза күшейтіледі.

Жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа ережелерді әзірлеу барысында ел бойынша көп адамның өліміне ауаға оқ ату себеп болғаны анықталды.

Тұрғын ауданда қарумен немесе бос патронмен оқ атқандарға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Рұқсатсыз мылтық ұстағандарға 30 мың, рұқсатсыз бос патрон тасымалдағандарға 20 мың лира айыппұл салынады.

3 наурыз, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.