
Қызылқоға ауданындағы "Тайсойған-1" учаскесіндегі ұңғымадан шыққан шламды тасу кезінде оның жол үстінде шашылып қалғандығына байланысты шара алу жөнінде депутат мәселе көтерді.
Оқиға 2025 жылдың 12 ақпанында орын алған. Осы жайтқа байланысты жұмысшы тобының коммисиясы құрылып, біраз жайтты анықтаған болатын.
- "Тайсойған-1" учаскесіндегі СТ-1 ұңғымасынан ұңғымадан шыққан шламды шлам тасуға арналмаған "Шахман" ауыр жүк көлігіне тиеп, Сарғыз және Қуыс қауымдарының арасындағы ара қашықтығы 8 шақырым болатын 4 жерге шашылып төгілгені анықталды. Оның үстіне тасымал көлігі қозғалыс схемасында бекітілген маршрут жолымен жүрмей, шаруагерлердің жерін заңсыз бұзған. Осы жөнінде қандай шаралар алынуда,-дейді аудандық мәслихаттың депутаты Есенбай НҰРОВ.
Атырау облысының экология департаментінің баспасөз қызметі "Ембімұнайгаз" АҚ, "Мұнайсервис ЛТД" ЖШС, "Экотехникс" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүріп жатқанын айтты. Бұл тексерістің қаншалықты уақыт алатыны белгісіз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0