Атырау, 18 ақпан 16:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Атыраудағы «Халал» сертификаты бар дәмханалар тізімі жарияланды

913 рет қаралды

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы “Иманғали” орталық мешітінде жергілікті жұртшылықты адал өніммен қамтамасыз етіп жүрген кәсіпорын басшыларына ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» мекемесінің сертификатын табыстады.

Бас имамның сөзінше, халықтың адал өнімге деген сұранысы күн санап артып келеді.

- Сұраныс артқан сайын өнім өндірушілерге қойылатын талаптар да күшейіп отыр. ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» мекемесі тек тағам өнімдерінің ғана емес, күнделікті тұтынатын кез келген тауардың шариғи және санитарлық тазалығына ерекше мән береді. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындары басты назарда, - деді бас имам. 

«Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің мәліметінше, Атырау қаласында бүгінге дейін бірнеше дәмхана ҚМДБ ның ресми халал сертификатын алған. Олардың қатарында: 

  • Balyq bar – Авангард ықшам ауданы, 23а
  • SF – Зейнолла Ғұмаров көшесі, 6; Б.Құлманов көшесі, 1В
  • Travelers coffee – Қ.Сәтпаев көшесі, 17Б; Абай көшесі, 9А
  • djama Halal fusion – Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 260
  • Coffeе River – Владимирского көшесі, 2В
  • Traveler’s coffee – М.Өтемісұлы көшесі, 116Д
  • Sancak – Азаттық даңғылы, 9
  • CHAVA cafe – Абай көшесі, 26А, н.п. 1
  • SARQYT – Б.Құлманов көшесі, 117А
  • Cakes&Bakes – Құлманов көшесі, 117А
  • Zeytun – Водник, 1/4
  • CHEESE RICE – Нұрсая ықшам ауданы, 54 үй
  • IZUM – Сарыарқа ықшам ауданы, 40
  • Центр плова Ташкент – Абай көшесі, 4
  • Z48 – Исатай даңғылы, 48 үй, н.п. 4
  • IRIS – Исатай даңғылы, 48 үй секілді тамақтану орындары бар. 

Бұл дәмханалар шариғат талаптарына сай өнімдер ұсынуға міндеттелген. Халал сертификатын алу үшін кәсіпорындар қатаң тексеруден өтіп, тиісті талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сондай-ақ сертификат тек бір жылға беріледі. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ


3 наурыз 2025, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.