Атырау, 9 желтоқсан 16:05
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​«Аудармашы» кәсіптік стандарты бекітілді

502 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Аудармашы» кәсіптік стандартын бекітті. Бұл стандарт «Кәсіби біліктілік туралы» Заңға сәйкес әзірленіп, аударма мен лингвистикалық қолдау саласында жұмыс істейтін мамандардың қызметін реттейді.

Стандартта ауызша, жазбаша және аудиовизуалды аударма қызметтеріне қойылатын жалпы талаптар белгіленіп, тілдік және мәдениетаралық коммуникация қамтамасыз етіледі. Аудармашыларға қойылатын тілдік құзыреттіліктер С1 және С2 деңгейлері бойынша анықталған.

Кәсіптік стандартта аудармашылардың біліктілігі Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) бірнеше деңгейін қамтиды:

  1. Аудармашы (жазбаша) – СБШ-нің 4, 5, 6 деңгейлері.

  2. Ауызша аудармашы – СБШ-нің 4, 5, 6 деңгейлері.

  3. Аудармалардың бақылау редакторы – СБШ-нің 7 деңгейі.

  4. Аудиодескриптор – СБШ-нің 6 деңгейі.

  5. Дактилолог-аудармашы – СБШ-нің 6 деңгейі.

Бұл стандартты енгізу арқылы аудармашылардың біліктілігіне қойылатын талаптар бірыңғайланып, жұмыс сапасы артады. Сонымен қатар, аударма саласындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге негіз қалыптасып, мамандар мен оқу орындары түлектерінің біліктілігін тану рәсімі жеңілдейді.

Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған дактилолог-аудармашы мен аудиодескриптор мамандықтарының маңыздылығы зор. Жаңа стандарт Қазақстандағы аудармашылардың жоғары деңгейдегі кәсіби даярлығын қамтамасыз ететін басты құралға айналады.

3 наурыз, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.