Атырау, 13 тамыз 06:21
 дождьВ Атырау +21.3
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61

​Сотта балықшының ісі қаралды

914 рет қаралды

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша Ш.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Атырау облысы Махамбет аудандық соты.

Сотта анықталғандай, Ш. Жайық өзені жағалауында тыйым салынған құрал - ау торымен заңсыз балық аулағаны үшін балық инспекциясымен ұсталған. Сот Ш.-ны ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оның асырауында кәмелетке толмаған балаларының барын ескере отырып, қысқартылған тәртіпте 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

3 наурыз 2025, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.