Атырау, 24 желтоқсан 07:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Каспий өңірінде мұнай кен орындарын алғаш ашушы Олег Герштанский дүниеден өтті

863 рет қаралды
Сурет Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің сайтынан алынды

Олег Сергеевич – Қазақстанның мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Маңғыстаудағы мұнай кен орындары мен емдік минералды сулар кен орнын алғаш ашушы.

1978 жылдан бастап өмірінің соңына дейін О. С. Герштанский мұнай-газ саласындағы түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерде еңбек етті, Мұнайшы-геологтардың Қазақстандық қоғамының мүшесі,  Министрліктің жанындағы Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі болды, «KAZENERGY» қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесіне кірді, 100-ден астам ғылыми мақаланың, 82 өнертабыстың және 5 монографияның авторы.

Еңбек жолындағы ерекше жетістіктері үшін ол мемлекеттік марапаттармен: «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және басқа да медальдармен, марапат белгілерімен, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген геологы», «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтарымен марапатталды.

Олег Герштанскиймен қоштасу 3 наурызда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Құтқарушы Мәсіх соборында (Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 493), жерлеу Рысқұлов зиратында өтеді (белгі: Бродский көшесі, 176, төменгі жағы).

Дұға дастарханы 15:30-да Әл-Фараби даңғылы, 140А, VILLA DEI FIORI мейрамханасында; және Ақтауда – 15:00 Caspian Riviera қонақүйінің мейрамханасында жайылады.

3 наурыз, 00:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.