Атырау, 18 ақпан 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Атырауда Масленица мерекесі тойланды

Сурет Бейнежазба
964 рет қаралды

Атыраудағы Достық үйінде Масленица мерекесінің салтанаты өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға жүзге жуық көрермен қатысып, түрлі ойынға қатысып, ән мен биден әдемі күйге бөленді.

- Бұл мереке несімен танымал? Әрине, ән-биімен, жарқын көңіл-күй сыйлайтын сәттерімен ерекше. Әлбетте, біз бәріңізді осы мерекемен құттықтап, бар жақсылықты тілейміз,- деді Достық үйінің қызметкері Лобыкин Андрей.

Қатысушылар құймақ пісіру сайысына қатысты. Қатысушылар өздерінің аспаздық шеберліктерін көрсетіп, келген қонақтарды дәмді құймақтарымен тәнті етті.

- Атырау халқын Масленица мерекесімен құттықтаймын! Баршаңызға бақыт, денсаулық, табыс және қуаныш тілеймін. Бізбен бірге болыңыздар, көңіл көтеріп, жақсы демалыңыздар,- деді қатысушы Ирина Добровская.

Масленица мерекесі көңіл көтеру ғана емес, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, халықты біріктіруге бағытталған.

Мереке соңындағы қызықты флеш-билер мен эстафеталар шараны одан бетер қызықты етті. Айта өтейік, Масленица жыл сайын тойланады.


3 наурыз 2025, 00:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.