Атырау, 24 желтоқсан 07:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Теңдік станциясында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

832 рет қаралды

Жүк көлігі мен жүк пойызымен соқтығысқаннан кейін Теңдік станциясында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Жолаушылар пойыздары үшін қозғалыс ашық. Рельстен шығып кеткен вагондар мен локомотив көтерілді. Ұзындығы 200 метр зақымдалған учаскеде қазу жұмыстары мен жаңа жолдың рельсті-шпал торын төсеу жұмыстары жедел жүргізілді.

Қалпына келтіру жұмыстарына 167 теміржолшы, екі қалпына келтіру пойызы мен алты автотехника қатысты. Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, кешіктірілген пойыздардың жолаушыларын Қарабатан станциясынан Атырау қаласына автобустармен тасымалдау ұйымдастырылды.

Жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Апатқа жүк көлігі жүргізушісінің темір жол өткелінен өту ережесін бұзуы себеп болған.

2 наурыз, 23:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.