
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Барлығы 6 жолаушылар пойызы кешіктірілді:
- № 313 «Атырау – Маңғыстау»;
- № 314 «Маңғыстау – Атырау»;
- № 42 «Алматы – Атырау»;
- № 41 «Атырау – Алматы»;
- №123 «Волгоград – Ташкент»;
- №691 «Атырау – Ақтөбе».
Жолаушыларды тасымалдауды жедел ұйымдастыру үшін Атырау қаласының әкімдігі Атырау вокзалынан жақын маңдағы Қарабатан станциясына дейін және кері бағытқа автобустар бөлді.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды тамақпен қамту шараларын алады, сондай-ақ SMS хабарламалар арқылы және вокщалдарда жолаушылар пойыздарының ағымдағы жағдайы туралы өзекті ақпарат береді.
Жолаушылар пойыздардың кешігуі туралы ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне хабарласа алады.
Естеріңізге сала кетейік, жолаушылар пойыздары бір сағаттан астам кешіктірілген жағдайда ҚР Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушыларға мынадай төлемдер төленеді:
- жол жүруден бас тартқандарға жол жүру құны толығымен қайтарылады;
- жол жүру жолында жол жүру үзілген жағдайда жүрмеген қашықтық үшін жол жүру құны қайтарылады;
- кешіккені үшін кідірістің әрбір толық сағаты үшін үш пайызы мөлшерінде, бірақ жол жүру құнынан аспайтын мөлшерде өтемақы.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар пойызының кешігуі үшін өтемақыны жолаушының өтініші бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.
Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және қозғалысты тез қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды алуда.
В Атырау +1