Атырау, 2 сәуір 14:52
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Энергетика министрлігі мен CNPC мұнай-газ саласындағы негізгі жобаларды талқылады

750 просмотра

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» және QazaqGaz компанияларының өкілдері қатысты.

Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, бірқатар стратегиялық маңызды жобаларға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанда мұнай өңдеу көлемін ұлғайту үшін маңызды жобалардың бірі – Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту, мұнай-газ химиясы саласының дамуы үшін маңызды «Карбамид» жобасы, сондай-ақ елдің газ тасымалдау жүйесінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар «МаңғыстауМұнайГаз» және «Өріктау» кен орындары бойынша келісімшарттарды ұзарту, сондай-ақ табиғи газды жеткізу және тасымалдау мәселелері қарастырылды.

"Бұл жобаларды іске асыру Қазақстанның мұнай-газ саласын одан әрі дамыту үшін стратегиялық маңызға ие. Біз қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және бірлескен күш – жігермен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз",-деп атап өтті Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға, қосымша техникалық консультациялар өткізуге және өзара тиімді жобаларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдарды келісуге уағдаласты.

1 наурыз, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.