Атырау, 21 желтоқсан 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Тәжірибе, тәртіп, құрмет: Атырауда 74 жастағы әйел такси қызметінде

924 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот

Атырау облысындағы Мақат-Доссор тасжолында жол ережесін мүлде бұзбаған тәжірибелі жүргізуші бар. Ол – 74 жастағы зейнеткер Сәуле Мұсаева. 30 жылдан астам уақыт бойы көлік тізгіндеп, оның 22 жылын такси қызметіне арнаған. Ол жылдамдықты асырмау, жаяу жүргіншілерге жол беру, көлік айдап келе жатып телефонға алаңдамау сияқты қағидаларды қатаң ұстанып, көлігімен мыңдаған шақырымды жүріп өткен, деп жазады Атырау облысы Полиция департаменті. 

– Көлік жүргізу – тек рөлді ұстап, газ басу емес. Бұл – үлкен жауапкершілік. Кейбір жүргізушілер асығыстық танытып, ережені елемейді. Бірақ жолда әр секунд маңызды. Бір қате орны толмас қайғыға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан мен әрдайым тәртіпті сақтаймын және өзгелерге де сақтауға кеңес беремін, – дейді ол.

Сәуле Мұсаева Алматы техникалық институтын бітіріп, инженер-технолог мамандығын алған. Ол еңбек жолында инженер, экономист, фабрика директоры қызметтерін атқарып, зейнетке шыққан. Ал көлік жүргізуге деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Алғашқы көлігін – 1998 жылы сатып алып, содан бері бірнеше көлік ауыстырғанын айтады. Зейнетке шыққаннан кейін Сәуле Мұсаева Мақат ауданындағы көлік жүргізу мектебінде сабақ берген.

- Сәуле Мұсаева – ауданымыздың үлгілі жүргізушілерінің бірі. Оны жергілікті тұрғындар жақсы таниды, ұқыптылығы мен сабырлы мінезін жоғары бағалайды. Ол бірде-бір рет жол ережесін бұзған емес. Мұндай тәжірибелі жүргізушілер жас буынға үлгі болуы тиіс. Біз көктем мерекесі қарсаңында Сәуле апамызды құттықтап, оған алғысымызды білдіруді жөн көрдік, – дейді Мақат аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Сайфолла Капанов.


28 ақпан, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.