Атырау, 22 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атыраудың оқушылары топ жарды

Сурет
1 089 рет қаралды

Астана қаласында өткен республикалық жайдарман "Маусымашар-2025" фестивалінде Атырау облысының оқушылары 300 команданың арасынан топ жарып, чемпион атанды.

Бұл сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай «BALA Jaidarman» және «Jaidarman JUNIOR» санаттарына бөлінді. Қатысушылардың өнеріне республикалық жайдарман ойындарының жүргізушісі Есен Елеукен мен танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы жоғары баға берді. Нәтижесінде, Әл-Фараби атындағы "Бином" мектебінің "Binom тентектері" командасы "Bala Jaidarman" жобасының үздігі атанып, чемпиондықты қанжығасына байлады.

Жеңіске жеткен атыраулық оқушыларды кейіннен "Балапан" арнасы арнайы қонаққа шақырып, таланттары үшін дипломмен марапаттады. Команда мүшелері өздерінің болашақта "Қарабау", "Сағыз", "Алатау Ақсу" командалары секілді үлкен жетістіктерге жетуді мақсат ететінін айтады.

- Біз әртүрлі мектептен жиналған оқушылар едік. Бином мектебінде іріктеліп, "Binom тентектері" командасын құрдық. Үш-төрт ай бойы тыңғылықты дайындалдық. Сахнада орындайтын әзілдерімізді Әлішер ұстазымыз дайындады. Болашақта әртіс болғым келеді, - дейді жас жайдарманшы Бекасыл СЕРЖАҰЛЫ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

28 ақпан, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.