Атырау, 22 желтоқсан 11:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атыраудағы "PetroRetail RFS" ЖШС-нің мұнай базасына кіре берісте пикет өтті

Сурет Бейнежазба
1 288 рет қаралды

"QazaqСнабСтрой" ЖШС құрылыс компаниясының басшысы Рүстем ЖИЕНҚҰЛОВ мұнай базасының аумағына асфальт төсегені үшін «PetroRetail RFS» ЖШС ақшасын төлемегенін мәлімдеді.

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:
«PetroRetail» ЖШС - бұрынғы «KMG-Retail» ЖШС-нің құқықтық мұрагері. Qazaq Oil брендімен республикалық жанар-жағармай құю бекеттері желісіне иелік етеді. Ақырғы бенефициарийлері Тимур Құлыбаев (Forbes Kazakhstan-дағы ең бай бизнесмендер рейтингінде №5 – «Кипрос» ЖШС арқылы), Раушан Сағдиева, Данияр Әбілғазин, Бауыржан Тойбазаров және Руфат Ходжалаков.

Жиенқұловтың айтуынша, 2024 жылы жасалған келісім бойынша Балықшы кенті, Ширина өнеркәсіп аймағы, 99 ғимарат мекен-жайы бойынша жұмыстар атқарылған.

Редакцияның қолында келісім-шарттың өзі, сондай-ақ ол мердігер ретінде асфальт төсемес бұрын шұңқырларды жабу үшін топырақ әкелген жасырын жұмыстар актісі бар. Дәл осы актіде көрсетілген жұмыстарды PetroRetail төлеуден бас тартып отыр. Ал сома аз емес – 110 508 172 теңге.

Р.Жиенқұлов осы мақсат үшін арнайы әкелінген трактормен мұнай базасын бөгемек болған. Бірақ бұл мәселеге полиция араласты. Құқық қорғау органдарымен келіссөздер бірнеше сағатқа жалғасты. Олар мердігерге ерсілі-қарсылы жүрген Qazaq Oil мұнай тасығыштардың жолын бөгеуге мүмкіндік бермеді.

Төлемеген соң көп ай бойы ақшасыз қалған «QazaqСнабСтрой» компаниясының барлық қызметкері де сол жерге жиналды.

Мұнай базасының директоры Руслан ЖАКУПОВ адамдардың алдына ақыры шықпады. Ал Жиенқұловтың өзін көп ұзамай тірек пунктіне алып кетті.

Осы оқиғаға байланысты «Ақ Жайық» компанияның Астанадағы бас кеңсесіне сауал жолдады.

Толықтырылады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА 

Автор түсірген суреттер мен бейнежазба 

28 ақпан, 04:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.