Атырау, 2 сәуір 14:15
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Қазақстан мұнай өнімдерін елден шығаруға салған тыйымды алты айға ұзартқысы келеді

655 просмотра

Қазақстан ЕАЭО елдеріне жеткізуді қоса алғанда, бензин, дизель отынын және басқа да мұнай өнімдерін экспорттауға салған тыйымды алты айға ұзартқысы келеді, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына және Еуразия экономика одағы туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ аталмыш шарттың 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес бұйырамыз: Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге, оның ішінде Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттерге алты ай мерзімге шығаруға тыйым салу енгізілсін», - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Бұл көлік құралдарының жанармай бактарында қолданылатын отынға, сондай-ақ үкімет шешімімен жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер мен гуманитарлық көмекке қатысты емес.

29 қаңтарда Қазақстан билігі бензин мен мұнай өнімдерінің бірқатар басқа түрін еледн шығаруға тыйым салды.

27 ақпан, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16