Атырау, 21 желтоқсан 13:34
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Мамандар АМӨЗ маңынан табылған қара сұйықтықтың қайдан шыққанын анықтады

847 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде АМӨЗ маңындағы аумаққа қара сұйықтық төгіліп жатқан видеоны жариялады. Осыған орай зауыт экологтары экология департаментінің мамандарымен бірге оқиға орнына барып, тексеру жүргізді.

Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ластау көзі «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық кәсіпорнына қарасты кәріз жүйесі екені анықталды. Зауыт мұның өндірістік процестерге қатысы жоқ екенін және зауыт аумағынан тыс жерде болғанын растады.

Айнұр САПАРОВА

27 ақпан, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.