Атырау, 22 желтоқсан 22:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жайық өзеніне жүргізілген рейд заң бұзушыларды анықтады

1 103 рет қаралды

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жақында Атырау балық инспекциясы, Теңіз балық инспекциясы және Балық шаруашылығы бөлімдерімен бірлесіп, Жайық өзенінде кезекті рейд жүргізді. 

Тексеру барысында тыйым салынған ау құралдарын пайдаланған бір азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабының 3-бөлімімен хаттама толтырылды.

Сонымен қатар заңсыз қолданылған 8 синтетикалық ау, 4 хапуга және 2 қолдан жасалған “телевизор” аулау құралдары тәркіленіп, тиісті шаралар қабылданды. 

Рейд кезінде әуесқой балықшыларға заңсыз аулау құралдарын қолдануға болмайтыны және аулауға тыйым салынған балық түрлері кездескен жағдайда оларды тірі күйінде суға жіберу қажеттігі түсіндірілді. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Олег Тушканов тұрғындарға су айдындарында рұқсат етілген балық аулау құралдары мен әдістерін сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Рұқсат етілген балық аулау құралдары: 

Қалқымалы қармақ – жем арқылы балықты тартып, қалқыма арқылы бақылау

Нахлыст қармағы – жасанды шыбын немесе инелік пайдалану

Донды қармақ – су түбінде қолданылатын жемді қармақ

Лақтырмалы қармақ – тірі жем (құрт, балық, жүгері және т.б.) пайдалану

Кивокты қармақ – қысқы балық аулау үшін қолданылады

Шаян аулау құралдары (раколовка) – балықшыға 3 данадан аспауы тиіс

Воблерлер – спиннингпен балық аулауға арналған жасанды жем

Жерлицалар – қысқы уақытта жыртқыш балықтарды аулау құралы

Кружкалар – жерлицамен ұқсас, бірақ ашық суда қолданылады

Блесна – жыртқыш балықтарға арналған жалтырауық металл пластина

Мормышка – жасанды жеммен қолданылатын металл жүктемесі бар қармақ

Троллинг әдісі – кеменің артынан сүйретілетін қармақ

Су асты аңшылығы мылтығы – тек жеке мақсатта пайдалануға рұқсат етілген

Қазіргі заңнамаға сәйкес, бір балықшыға қармақ саны мен ілмек санына шектеу қойылмаған. Алайда, бір адамға бір реткі балық аулау мөлшері 5 кг-нан аспауы тиіс. 

Толық тыйым салынған әдістер:

“Багрение” – балықты іліп алу әдісі (айыппұл: 76 640 – 157 280 теңге)

“Телевизор” және “хапуга” торлары – заңсыз құралдар (жыл басынан бері 47 заңсыз аулау фактісі анықталған)

Электрлік құралдар (“электроудочка”) – су экожүйесіне зиян келтіреді, қолдануға қатаң тыйым салынады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 ақпан, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.