Атырау, 22 желтоқсан 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Махамбетте көптен күткен Мәдениет үйі ашылды

1 208 рет қаралды

Екі мыңнан аса тұрғыны бар Махамбет ауданы Сарытоғай ауылы үшін мәдениет үйі шығармашылық бастамалардың қайнар көзіне айналмақ.

Онда 200 орындық көрме залы, заманауи аудио-видео жүйелерімен жабдықталған кәсіби сахна, мәдени шараларға қажетті техникалық мүмкіндіктің бәрі бар. 
 
- Нысанның құрылысы ұзаққа созылғанымен бүгінде жаңа мәдениет үйі есігін айқара ашып, халық игілігіне қызмет етуге дайын. Ескі мәдениет үйі өткен ғасырда салынған, сол себепті жаңа ғимарат ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Екіқабатты мекеме қажетті деген барлық құрал-жабдықпен толықтырылды. Осындағы түрлі өнер үйірмелерінен жас таланттар шықса деген тілектеміз,-деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ.

Зейнеткер ұстаз Орын ТАСИМОВАНЫҢ айтуынша, бұл нысанның ашылуы көп күткен сәт:

- Тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған, мерекелерде мәдени кештермен рухани дүниемізді байытамыз. Жастарға үлкен кітапхана мен оқу залы, түрлі үйірме бар. Бұның бәрі — зор мүмкіндік,- деді ол.

Еске салсақ, 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын жүргізу үшін мердігер мекеме үш рет ауысып, пайдалануға беруге миллиардқа жуық қаржы бөлінген еді.

Айта кетейік, бүгінде Махамбет ауданында 11 мәдениет үйі, бір ауылдық клуб және 12 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 ақпан, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.